Астанада «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

 

«Samruk-Kazyna Trust» және «Пресс Центр Азия» ҚҚ жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасын іске қосты

 

Астанада «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

«Өмірлік таңдау» — бұл «Самұрық-Қазына» АҚ «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірінде өтетін жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Жиынға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры — ресми өкілі Лима Диас, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадьевич Шиповских, мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары, Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы, техникалық және кәсіби білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы, жобаның үйлестірушісі Әждар Дәулет Ғалымбекұлы қатысты.

«Бүгінде көптеген жасөспірімдер, мектеп оқушылары заңгер, экономист, қаржыгер, маркетолог сынды мамандықтарды таңдауды жөн көреді. «Самрук-Казына» Қоры үлкен өндірістік холдинг ретінде жастардың техникалық мамандықтарға басым көңіл бөлуіне ерекше назар аударады. Сондықтан біз «Өмірлік таңдау» жобасын іске асыру идеясын қолдадық. Холдингке кіретін қала құрылысына ат салысатын бес облысты таңдаған болатынбыз», — деп атап өтті Лима Диас

Жоба аясында Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтылады.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских жобаға қатысты өз ойын білдірді: «Жастар қазір таңдау жасағанда қаржыгер, IT-сараптамаш, заңгер деген мамандықтарды таңдағанды жөн көреді. Ал былай қарағанда қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға көбісі барғысы келмейді. Менің ойымша, бірінішіден оны кең көлемде дәріптеу қажет. Жастардың көзқарасын, ішкі дүниесін, менталитетін бұл тарапта өзгерту керек. Бұл жоба қазір бес облысқа енгізіліп жатыр. Өзінің нақты нәтижесін көрсеткеннен кейін, ары қарай басқа облыстарға енгізілсе де, артық болмайды. Жастардың санасы өмірлік таңдау тарапынан өзгерсе, бұл Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін үлкен қадам болмақ деп ойлаймын»

Жоба аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылатын «Бәсекеге қабілеттілік» пен «Білімнің салтанат құруы» аспектілері тығыз байланысады, сонымен қатар мектеп негізінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша белсенді жұмыс жасалады.

Жобаны іске асыру уақыты: 2017 жыл қараша – 2018 жыл мамыр.  Жобаны іске асыру кезінде, негізгі қажетті мамандықтармен танысу мақсатында мектеп оқушылары жергілікті кәсіпорындарға экскурсия жасайды.

Жоба аясында 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

Анықтама үшін:

 

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында

бастау алды. Оның мақсаты — «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы

қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске

асыру.

Бағдарламаның үйлестірушісі — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды

дамыту қоры. Қордың бенефициарлары қоғамның әлсіз топтары, Ұлы

Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, күрделі диагнозы бар

балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастықтар, балалар үйлері, шығармашылық

және ғылыми зиялылар.

 

Баспасөз үшін байланыс құралдары:

[email protected]

Телефон: +7 702 535 04 36

Азиза Елеман

 

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Facebook: https://www.facebook.com/tangdaukz

Instagram: @tangdaukz

Vkontakte: https://vk.com/tangdaukz                                            

Жобаның ресми сайтыwww.tangdau.kz