«Samruk-Kazyna Trust» пен «Пресс Центр Азия» ҚҚ жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасын іске қосты

«Samruk-Kazyna Trust» пен «Пресс Центр Азия» ҚҚ жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасын іске қосты

 

2017 жылдың 20 қарашасында «Өмірлік таңдау» республикалық жобасы бастау алды. Жоба «Самұрык-Қазына» АҚ — «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірі – ОҚО, Павлодар, БҚО, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында іске асырылады. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Бүгін Ұлттық Академиялық Кітапхана залында Өмірлік таңдау жобасының басталуы жайлы баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры — ресми өкілі Лима Диас, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадьевич Шиповских, мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары, Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы, техникалық және кәсіби білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы, жобаның үйлестірушісі Әждар Дәулет Ғалымбекұлы қатысты.

Жоба мақсаты – жұмысшы мамандықтар жайлы жағымды пікір қалыптастырып, жастар арасында кеңінен дәріптеу және жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру мен жұмыс барысымен танысу үшін аймақтық кәсіпорындарға экскурсия жасау.

Жоба аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылатын «Бәсекеге қабілеттілік» пен «Білімнің салтанат құруы» аспектілері тығыз байланысады, сонымен қатар мектеп негізінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша белсенді жұмыс жасалады.

Жобаны іске асыру уақыты: 2017 жыл қараша – 2018 жыл мамыр.  Жобаны іске асыру кезінде, негізгі қажетті мамандықтармен танысу мақсатында мектеп оқушылары жергілікті кәсіпорындарға экскурсия жасайды.

Жоба аясында 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

Анықтама үшін:

 

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында

бастау алды. Оның мақсаты — «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы

қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске

асыру.

Бағдарламаның үйлестірушісі — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды

дамыту қоры. Қордың бенефициарлары қоғамның әлсіз топтары, Ұлы

Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, күрделі диагнозы бар

балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастықтар, балалар үйлері, шығармашылық

және ғылыми зиялылар.

Баспасөз үшін байланыс құралдары:

[email protected]

Телефон: +7 702 535 04 36

Азиза Елеман

Біз әлеуметтік желілердеміз:

Facebook: https://www.facebook.com/tangdaukz

Instagram: @tangdaukz

Vkontakte: https://vk.com/tangdaukz                                            

Жобаның ресми сайтыwww.tangdau.kz